Print House Gerona Тел.: 7 (727) 250-47-40. Факс: 7 (727) 250-47-39 Хат жазу
info@gerona.kz

Біздің қызмет көрсету бағытымыз: журналдар, кітапшалар, каталогтар мен мерзімді басылымдардың басқа түрлері. Компанияның жоғары өнімділіктегі Heidelberg заманауи жабдығы, баспадан кейінгі өңдеудің автоматтандырылған желісі және жөнге салынған сервисі бізге бүгінгі таңда 100-ден аса мерзімді басылымды басып шығаруға мүмкіндік береді.

Баспа - офсеттік, парақшалы, толық түсті, А1+ пішімі (1000x700 мм).
(500- ден аса дана таралымы):

  1. Көп жолақты журналды өнімдер
    (А5-тен А2+ пішіміне дейін)
  2. Каталогтар мен кітапшалар
    (А6-дан А3+ пішіміне дейін)
  3. Постерлер
    (А3-тен А1+ пішіміне дейін)

Сондай-ақ үндеу парақтары, флаерлер мен басқа да жарнама өнімдері.

Баспадан кейінгі өңдеу - тапсырыс берушінің қалауынша баспа өнімінің түрі мен төзімділігін жақсарту (бояудың түссізденуінен қорғаныш) мақсатында барлық өнімдер күңгірт немесе жылтыр түссіз пленкамен (ламинация), әр түрлі лак түрлерімен – УК (ультракүлгін), СД (сулы-дисперсионды) немесе майлы (офсеттік) лакпен қапталуы мүмкін.

Сонымен қатар дайын өнімнің Қазақстан Республикасының барлық аймақтары бойынша алдағы тасымалдануы үшін ерекше төзімді қаптамасы өндіріледі.

Таралымның Алматы қ. бойынша жеткізілуі – тегін.
Қазақстан бойынша жеткізілуге жардемдесу де мүмкін.

Есептесу және өнімге тапсырыс беру.

Төмен бағалы сапалы өнімге әр клиент мүдделі. Тапсырыс құнын есептеудің икемді жүйесі бізге әр клиентпен дара тіл табысуды қамтамасыз етеді. Сондықтан бізде тиянақталған баға қойылмайды.

Баспа мен өнімді шығарудың бағасын алдын ала есептеу үшін Сіз бізге телефон, электронды пошта арқылы хабарласа немесе тікелей біздің компаниямыздың кеңсесінен біле аласыз.

Білікті менеджерлер барлық қажетті есептерді жүргізіп, тапсырысты рәсімдеуге көмектеседі және Сізге шығарылу мерзімі жөнінде хабарлайды.

МЫСАЛЫ
  • 96 бет көлеміндегі;
  • 4+4 түстілігіндегі;
  • тігінсіз желіммен бекітілген;
  • 5000 дана таралымындағы.
журналды шығару
үшін бізге небәрі
48 сағат қажет.